28 апреля 2026 08:04
Количество просмотров: 8
2026 жылдың 27–29 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы республикалық олимпиада өтуде.
Аталған іс-шара аясында бүгін, олимпиадаға еліміздің әр өңірінен келген мұғалімдерге колледж директоры, т.ғ.к. Ф. Курманов басшылығымен және оқу орнымыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен «Бітібаева әлемі: білім мен шабыт мекені» тақырыбында шеберлік сабақтары өткізілді. Сонымен қатар, колледж психологтері (Г.К. Сағатова, А.Е. Сәрсенбаева) «Көңіл күйді реттеу жолы – мандала» атты психологиялық тренинг жүргізді.
Сондай-ақ қатысушылар оқу орнымыздың материалдық-техникалық базасымен танысып, білім беру үдерісіндегі заманауи мүмкіндіктер туралы мағлұмат алды.
Мақсаты – заманауи білім беру жүйесінде Қ.Бітібаева технологиясы негізінде жаңашыл ізденіспен, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтердің іс-тәжірибесімен бөлісу, сондай-ақ ұлағатты ұстаздың ғылыми-әдістемелік еңбектерін насихаттау болды.