15 ноября 2025 03:11
Количество просмотров: 176
2025 жылдың 15-16 қарашасында Астанада өткен Amanat Cup XXIII республикалық пікірсайыс турнирінде Шығыс Қазақстан облысының атынан, колледжіміздің 4-курс студенттері Шәріпханова Ақбота мен Жумабай Маржан турнирге қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесінде ширек финалға шықты.
Аталмыш турнирға бүкіл республика бойынша 18-35 жас арасындағы спикерлерден 150-ге жуық өтінімнен, тек 60 фракциясы іріктеуден өтіп, 17 облыстан келген 120 қатысушының арасындағы бәсекеде ШҚО өкілдерінің жеткен табысы облыс әлеуетін тағы да дәлелдеді.
Qazaq Debate, Amanat партиясы және Жастар рухы ұйымдары ұйымдастырған бұл турнир жастардың сыни ойлау қабілетін дамытып, болашақ кешбасшыларды даярлауға үлес қосады.