Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Республикалық байқау

Республиканский конкурс Республиканский конкурс Республиканский конкурс Республиканский конкурс Республиканский конкурс Республиканский конкурс Республиканский конкурс Республиканский конкурс Республиканский конкурс Республиканский конкурс Республиканский конкурс

28 сентября 2023 07:09

Количество просмотров: 2535


28 қыркүйек 2023 жылы колледждің 100 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан Республикасы колледж студенттері арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қанипа Бітібаева атындағы Республикалық олимпиада және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Асқар Ислямов атындағы «Үздік педагогикалық эссе» байқауының ашылу салтанаты өтті.

Ғасырды еңсерген іргелі оқу орнында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қажырлы еңбек етіп жүрген ұстаздар мен қызметкерлер ШҚО облыстық, қалалық маслихаты, Өскемен қаласы әкімі, «AMANAT» партиясы ШҚО филиалы, ШҚО білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Құрмет грамоталары, алғысхаттарымен марапатталды. Колледжде оқитын аз қамтылған отбасынан шыққан 3 студентке Білім және ғылым қызметкерлері жергілікті кәсіподағы әлеуметтік стипендия сертификатын табыстады.

Республикалық іс-шараға қатысқан педагогтерге «Педагогикалық ынтымақтастық және психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру жолдары» (А. Бекшойнова арнайы пәндер оқытушысы, педагогика магистрі, педагог-шебер) шеберлік сабағы, «Өзгермелі BАNI -әлем  заманындағы негізгі құндылық» (Мәншүк Аскарқызы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша профессоры) тренингі, «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» (М. Даутова педагогика пәнінің оқытушысы, педагогика магистрі, Ж. Даутова қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, ғылым магистрі, атаулы кабинеттердің меңгерушілері) диалогтік алаңын өткізді.

Республикалық олимпиадаға еліміздің түпкір-түпкірінен барлығы 13 студент, ал республикалық эссе байқауына 13 педагог қатысты.