29 сентября 2023 06:09
Количество просмотров: 1430
29 қыркүйек күні Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 100 жылдық мерейтойы аясында «Жас ұрпақ тәрбиесіндегі Абай тағылымы» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек, модератор – Қартаева Айжан Маратбековна, филология ғылымдарының докторы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Қазақ, орыс филологиясы және журналистика» кафедрасының профессоры, «Абайтану» ғылыми - зерттеу институтының директоры, Игибаева Айнагуль Курмашевна - Педагогика ғылымдарының докторы, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры, Кусманова Кульжибек Аскеновна - Филология ғылымдарының докторы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының профессоры, Курманова Жупар Сакановна - «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., Рақымжан Әсел Қайроллақызы - «Жоғары техникалық колледжі» МКҚК директоры, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Калымова Асель Кайратовна - Ш. Уәлиханов атындағы «Көкшетау мемлекеттік университеті» КЕАҚ, «Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыстар» кафедрасының доценті, PhD докторы, Ақмола облысы, Адильжанов Ардак Адилгазыевич - «Астана халықаралық университеті Педагогикалық колледжі» директоры, Жанділдин Ерлік Борисұлы - «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» директоры, Петропавловск қаласы және ШҚО Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында ТжКББ ұйымдары студенттеріне арналған «Абай тағлымы» тақырыбындағы факультативтік курстың оқу бағдарламасы талқыланып, бекітілді.
ШҚО білім басқармасының басшысы Чернышева Инесса Александровна қатысуымен Ресей Федерациясының педагогикалық колледждерімен серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.