Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

Ата- аналар жиналысы

Родительское собрание Родительское собрание

30 мая 2021 12:05

Количество просмотров: 1160

2021 жылдың 29 мамырында ZOOM платформасында директор, директор орынбасарлары, бөлім меңгерушілері мен кураторлардың қатысуымен 3 курс білім алушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті.

Жиналыста колледж директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ф.С. Құрманов отбасындағы қолайлы қарым-қатынастың маңыздылығы,ата-аналар мен заңды өкілдерінің тарапынан студенттерге назардың жетіспеушілігінен арасындағы қарым-қатынастың нашарлығынан, студенттерге наздың жетіспеушілігінен туындайтын келеңсіз жайттар туралы ақпаратпен бөлісті. Ата-аналарды жас ерекшеліктеріне, балаларының психоэмоционалды жағдайына назар аударуға, сондай-ақ деструктивті мінез-құлық белгілерін уақытында тануға шақырды.

Сонымен қатар бірінші басшы ата-аналарға пандемия жағдайында «Сауықтыру лагеріндегі жазғы практика» педагогикалық практикасының ұйымдастырылуы, өту тәртібі жайлы толыққанды ақпарат берді. Жиналыста ата-аналар тарапынан «Сovid-19» індетіне қарсы екпе алуға қатысты сұрақтар қойылды. Осы орайда, колледж директоры Фархад Сақанұлы екпені 18 жасқа толған студенттер ерікті түрде ғана алатынын айта келе, екпе алу – індеттен қорғанудың бірден-бір жолы екендігін ескертіп, ата-аналарға, студенттерге вакцина алуға ұсыныс жасады.

Сондай-ақ, семестр мен оқу жылының қорытындылары және алдағы аралық аттестаттауды өткізу тәртібі талқыланды. Ата-аналар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына толық жауап алды.