Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

Абай атындағы ШҚГК студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

Студенты ВКГК имени Абая против коррупции! Студенты ВКГК имени Абая против коррупции! Студенты ВКГК имени Абая против коррупции! Студенты ВКГК имени Абая против коррупции!

24 ноября 2023 07:11

Количество просмотров: 257


Колледж студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысады.

2023 жылдың 24 қараша күні Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінде ШҚО ТжКБ студенттері арасында «Саналы ұрпақ» слет-форумы өткізілді, онда біздің студенттер грамоталар мен марапаттарға ие болды.

«Адалдық – адам бейнесі» тақырыбындағы эссе байқауында І орынды Дәулетханова Алуа (22-ШТ-3 тобының студенті, ғылыми жетекшісі Г.А. Аймуханбетова), «Үздік тақырыпта жазылған эссе» номинациясы бойынша Мұхамжарова Азиза (23-ДО-1 тобының студенті, ғылыми жетекшісі А.Е. Сыдықова) иеленді.

Колледждің белсенді студенттерінің қатысуымен әзірленген «Жемқорлықсыз әлем» тақырыбындағы бейнероликтер байқауында Ержанов Серікжан (21-ББ-1 тобы) «Ерекше және өзекті идея» номинациясы бойынша Құрмет грамотасымен марапатталды.

Колледж студенттері «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы плакаттар байқауына қатысып, бейнелеу өнеріндегі таланттарын көрсетті.

Слет-форумда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген Республикасы күніне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбындағы пікірсайыста І орын иеленгендері үшін оқу орнымыздың 22-ШТ-1 тобының студенттері Қыдырмоллаева Амина мен Ұланқадырова Аружанға грамоталар табысталды.   

Сонымен қатар, слет-форумда клуб қатарына жаңадан қосылған бірінші курс студенттері үшін «Саналы ұрпақ» төсбелгілері салтанатты түрде табысталды. Абай атындағы ШҚГК өкілі ретінде 23-РЯ-1 тобының студенті Талғат Килымбеков қатысты.

Студенттерімізді құттықтаймыз!