28 октября 2022 12:10
Количество просмотров: 1600
2022 жылдың 27 қазаны күні қаламыздағы «Достық үйі–қоғамдық келісім орталығында» Республика күніне орайластырылған колледждің 1 курс білім алушыларын «Студенттер қатарына қабылдау» салтанатты іс-шарасы өтті.
Колледж директоры Курманов Ф.С.құттықтау сөз сөйлеп, білім беру ұйымындағы «WorldSkills-22» чемпионатының ұйымдастырушылары – оқытушыларды және жүлдегер студенттерді марапаттау рәсімін өткізді.
Сондай-ақ, оқу орнымыздағы атаулы стипендия иегерлері, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған оқу озаттарына демеушілер тарапынан қолдау көрсетіліп, Құмаш Нұрғалиев атындағы атаулы шәкіртақы сертификатын Нұрмұхамедов Әлібек Нұрмұхамедұлы, Асқар Ислямов атындағы шәкіртақы сертификатын Ислямов Салтанат Асқарқызы, Қанипа Бітібаева атындағы шәкіртақы сертификатын Асанова Бақытжан Омарғалиқызы колледждің үздік студенттеріне табыстады.
Мерекелік іс – шарада колледж білім алушылары өз өнерлерін көрсетті. «1 курс студентінің антын» қабылдаған білім алушыларға сынақ кітапшалары мен студенттік билеттері берілді.
Салтанатты шара бірінші курс білім алушыларына ұмытылмас көңіл - күй сыйлады.