3 апреля 2026 04:04
Количество просмотров: 25
«Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы аясында колледж студенттері 2026 жылдың 3 сәуірі күні ШҚО бойынша «Жастар Рухы» филиалы ұйымдастырған сенбілікке белсенді түрде қатысып, Чечек тауының аумағын тазарту жұмыстарына атсалысты. Табиғатты аялауға бағытталған бұл игі шара барысында студенттер қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтардан тазартып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар, 4 сәуір күні колледждің Студенттер үйінің маңында да тазалық акциясы ұйымдастырылып, аумақты абаттандыру, тазалау жұмыстары жүргізілді. Мұндай шаралар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға зор ықпал етеді.
Тазалық пен тәртіпті сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз! Табиғатты қорғау – болашаққа жасалған қамқорлық.