Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Тілдарын-2023

Тілдарын-2023 Тілдарын-2023 Тілдарын-2023 Тілдарын-2023 Тілдарын-2023 Тілдарын-2023 Тілдарын-2023 Тілдарын-2023

13 апреля 2023 04:04

Количество просмотров: 1394


13.04.2023 ж. Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 100 жылдық мерейтойы аясында «Ғылым шеруі» онкүндігі жоспарына сәйкес 1 курс білім алушылары арасында «ШҚО Кәсіптік білім беру орталығы» КММ бірлескен облыстық «Тілдарын-2023» олимпиадасы өтті.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі коммуникативтік құзіреттілікті дамытуға бағытталған олимпиадаға ШҚО ТжКББ жүйесінің оқу орындарының білім алушылары қатысты.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ филология ғылымдарының докторлары және қауымдастырылған профессорларынан құралған әділ-қазылар алқасы, қатысушылардың тіл білімдерін бағалап, келесі қорытындыны шығарды:

І орын – Медыахатұлы Тамерлан, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жоғары IT колледжі;

ІІ орын – Құдайбергенова Мәлика, Cпортта дарынды балаларға арналған ШҚО олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі;

ІІІ орын – Болатжанова Рамина, Қазақстан-Американдық еркін университеті жоғары колледжі;

«Жас қаламгер» номинациясы – Қадырбеков Арман Сайранұлы, Өскемен жоғарғы медициналық колледжі;

«Высокая филологическая культура» номинациясы – Тлеулина Аяулым Шалқарқызы, Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледжі.

«Lingua Master» - Мағжанқызы Ақерке, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі.

І орын иегері Медыахатұлы Тамерланға колледж атынан «Абайдан Абайға» (Жидебай) керуеніне тегін жолдама берілді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!