31 мая 2024 02:05
Количество просмотров: 1011
2024 жылдың 31 мамыры күні «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының оқытушылары және студенттері қатысуымен колледжде Қырғыз республикасы Бішкек қаласының Таштан Эрматов атындағы Бішкек музыкалық педагогикалық колледжімен бірге «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инновациялық іс-әрекет» тақырыбында ынтымақтастық вебинар өтті.
Семинар мақсаты – мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инновациялық іс-әрекет жағдайында оқыту үрдісін ұйымдастыру мәселелері бойынша педагогикалық тәжірибе алмасу.
Онлайн форматта өткен вебинар Абай атындағы ШҚГК директоры, т.ғ.к Курманов Фархад Сакановичтің және Таштан Эрматов атындағы Бішкек музыкалық-педагогикалық колледжінің директоры Турдалиев Уланбек Маткаримовичтің кіріспе сөздерімен басталды.
Вебинар жоғары дәрежеде өтіп, қатысушылар тарапынан ыстық ықыластар айтылып, кері байланыс жасалды.