31 мая 2024 01:05
Количество просмотров: 1919
2024 жылдың 31 мамыры күні оқу орнымызда Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен жалпы орта білім беретін мектеп басшылары қатысуымен «Түлектер жәрмеңкесі» өтті.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – жұмыс берушілер мен білім беру мекемелері арасында байланыс орнатып, кадр даярлау мәселелерін еңбек нарығындағы жұмыс күшінің қажеттілігіне сәйкес ұйымдастыру.
Іс-шараға қатысқан жұмыс берушілер түлектерімізге ауылдық жердің артықшылықтарына тоқталып, мемлекет тарапынан жасалынатын жағдайлар жайлы толыққанды ақпарат берді. Колледждің бітіруші түлектері мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуға қызығушылық танытты. Жәрмеңке қорытындысы бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру», «Шетел тілі мұғалімі», «Математика мұғалімі», «Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі» мамандықтарының жұмыс берушілер тарапынан жоғары сұранысқа ие екендіктерін көрсетті.