Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Студенттердің VI облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

VI областная студенческая научно-практическая конференция VI областная студенческая научно-практическая конференция VI областная студенческая научно-практическая конференция

31 октября 2022 12:10

Количество просмотров: 1524

2022 жылы 28 қазан күні Семей қаласындағы «Геологиялық барлау» колледжінде «ҚР білім беру үздігі», «Геология саласының құрметті қызметкері», белгілі қоғам қайраткері Әлмұқанов Марал Әлібекұлын еске алу құрметіне арналған «Жас зерттеушілердің шығармашылығы- бәскеге қабілетті мемлекетті қалыптастыруға қосқан үлесі» атты студенттердің VI облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Халықаралық деңгейде өткізілген конференцияға Ресей Федерациясы колледждері, Республикалық колледждер және Абай, Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру мекемелерінен, барлығы 28 колледж қатысты.

Олардың ішінде Республика деңгейінде Қостанай облысы «Руднинск тау- кен технологиялық колледжі» , «Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі», «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі», «Глубокое техникалық колледжі», халықаралық деңгейде «Осинников тау-кен колледжі», «Сібір геофизикалық колледжі». Барлық қатысушылар саны-128 студентті құрады.

Конференция жұмысының ең жоғарғы ұпайы 40 баллмен есептелінді. Секция отырысындағы жұмыстардың қорытындысы бойынша балл нәтижелері негізінде үздік деген жұмыстарды анықталып, жеңімпаздар Абай облысы білім басқармасының грамоталарымен марапатталды.

Аталған конфенецияға колледжімізден 8 студент қатысты. Барлық қатысушыларға қатысушы сертификаты табысталды. Конференция қорытындысы бойынша 4-курс білім алушысы Уатханова Анел жүлделі ІІІ орын, (ғылыми жетекшісі, Г.К. Касенова), 3 курс білім алушысы Керімқұл Алуа «Танымдық және шығармашылық шеберлік» номинациясы, (ғылыми жетекшісі М.Т.Даутова), Жанкелд Ақерке «Өз көзқарасының сарапшысы» номинациясы (жетекшісі, А.М.Кусаинова), 2-курс білім алушысы Серік Маржан «Айқын тақырып» номинациясы (ғылыми жетекшісі, Құсманова Н.Е.).

Барлық жеңімпаздарды және жетекшілерін құттықтаймыз!