14 апреля 2022 04:04
Количество просмотров: 1834
2022 жылдың 14 сәуірі күні «Ғылым және инновация – жастардың болашағы» ғылым және шығармашылық апталығы аясында колледждің 1 курс білім алушылары арасында Қ.Бітібаева атындағы колледжішілік олимпиада өтті.
Колледж директоры Ф. Курманов олимпиада қатысушыларына сәттілік тілеп, әділқазылар алқасымен таныстырды.
Олимпиада қатысушыларының білімін, шығармашылық қабілеттерін ШҚО білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ директорының инновациялық жұмысы жөніндегі орынбасары Ауғанбаева Б.О., Қ.Бітібаева атындағы республикалық ғылыми зертхана жетекшісі Мукашева М.К., Глубокое ауданы Опытное орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, филология магистрі, Абайтану бағдарламасының авторы Абежанова Б.М. бағалады.
Олимпиаданың 2 кезеңінің қорытындысы бойынша төмендегі білім алушылар марапатталды:
І орын – А.Қабышова, 21-ББ-1 тобы
ІІ орын – Г.Мүбаракова, 21-ШТ-1 тобы
ІІІ орын – А.Жақсылық, 21-ФК-1