Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

«Абай оқулары» колледжішілік байқауы

Внутриколледжный конкурс «Абай оқулары» Внутриколледжный конкурс «Абай оқулары» Внутриколледжный конкурс «Абай оқулары» Внутриколледжный конкурс «Абай оқулары» Внутриколледжный конкурс «Абай оқулары» Внутриколледжный конкурс «Абай оқулары» Внутриколледжный конкурс «Абай оқулары» Внутриколледжный конкурс «Абай оқулары»

20 октября 2023 01:10

Количество просмотров: 310


             Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы - мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді. Оның мұрасын дәріптеу, ұлықтау оқу орнымыздың басты бағытының бірі болмақ.

Осы мақсатта 2023 жылдың 27 қыркүйегі күні Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 100 жылдық мерейтойына орайластырған онкүндік аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пән бірлестігі оқытушыларының ұйымдастыруымен колледж білім алушылары арасында «Абай оқулары» байқауы өткізілді. «Абай оқулары» байқауы 3 кезеңнен тұрды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз – сарасы» деп аталатын 1-кезеңде  Абайдың бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқыса, «Абайдың қара сөздері» кезеңінде қатысушылар Абай қарасөздері бойынша берілген сұрақтарға жауап береді. «Ұлылар әлемі» деп аталатын 3-кезеңде байқауға қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына, өскен ортасына, рухани болмысына, шәкірттеріне қатысты сұрақтарға жауап береді.

Колледждің 17 білім алушысы қатысқан «Абай оқулары» байқауының 1- орын жеңімпазы Қабашева Айсұлу, 2 - орын иеленген Төлегенұлы Азамат, 3- орын иеленген Жақсылық Айкүн колледж директорының дипломдарымен, барша қатысушылар алғысхатымен марапатталды.

Озық ойлы Абайтанушылар асыл сөздері келешек заманымызда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ қазақтың бас ақынының артына қалдырған өшпес мұрасын осылайша дәріптеп, саналарында жаңғырта білді.

Болашақта да бұл байқау өз жалғасын таба бермек.