16 октября 2025 04:10
Количество просмотров: 112
2025 жылдың 16 қазаны күні оқу орнымыздың 2-курс студенттері арасында Үлбі ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшенің аға УПИ полиция майоры Д.М. Жақсыбаева мен қатардағы полицей А.Т. Дарибаев «Алаяқтық және дропер» тақырыбында әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері қазіргі таңда кеңінен таралып отырған интернет-алаяқтықтың түрлері, олардың қоғамға келтіретін зияны, сондай-ақ дропер қызметіне тартудың әдіс-тәсілдері туралы кеңінен мәлімет берді. Студенттерге алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың жолдары түсіндіріліп, нақты мысалдар келтірілді.
Шара соңында студенттер мамандарға сұрақтарын қойып, қызықтырған мәселелер бойынша толыққанды жауап алды. Бұл кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.