Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Аймақаралық конкурс

Межрегиональный конкурс Межрегиональный конкурс Межрегиональный конкурс Межрегиональный конкурс Межрегиональный конкурс Межрегиональный конкурс Межрегиональный конкурс Межрегиональный конкурс Межрегиональный конкурс Межрегиональный конкурс Межрегиональный конкурс Межрегиональный конкурс Межрегиональный конкурс

16 октября 2025 04:10

Количество просмотров: 160

2025 жылдың 14-15 қазан аралығында жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында салалар бойынша жұмыс берушілермен бірлескен Республикалық кәсіптік шеберлік форумы» шеңбері аясында білім беру саласы бойынша аймақаралық конкурс өтті.

Мақсаты – ТжКБ ұйымдарының дарынды, шығармашылық педагогтерін анықтау және қолдау, инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату.

Іс-шараға білім беру саласы бойынша Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан барлығы 45 оқытушы қатысты.

Білім мен білікті, ізденіс пен іскерлікті талап еткен бұл байқауда жалпы білім беретін пәндер бойынша Г.С.Сапарғалиева І орын, А.С.Кыдырханова ІІ орын; арнайы пәндер бойынша Н.Е.Құсманова І орын, Г.К.Касенова ІІ орын, Г.К.Құдайбергенова ІІІ орын, С.Е.Тюлекпаева ІІІ орын; спорт саласы бойынша А.К.Мергенбаева І орынды жеңіп алды.

Осындай мазмұнды да мағыналы байқаулар педагогтеріміздің кәсіби өсуіне, шығармашылық шыңдалуына кең жол ашып, өзара тәжірибе алмасуға, озық идеялардың қанат жаюына үлкен мүмкіндік береді. Жеңімпаз оқытушыларымыздың бұл жетістіктері – ұжымымыз үшін зор мақтаныш, ал кейінгі жас мамандарға – шабыт пен тағылымды үлгі.

Білім мен біліктілікті, табандылық пен тынымсыз еңбекті ту еткен жеңімпаз оқытушыларымызды лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!