21 февраля 2025 02:02
Количество просмотров: 748
2025 жылдың 21 ақпаны күні оқу орнымыз және «Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемендегі ұйымы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына орай «Ауған соғысының ізі» атты дөңгелек үстел өтті.
Колледж студенттері және Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің студенттерінің қатысуымен өткен іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері Курунбаев Аман Кулумбаевич, Мұқажанов Салимхан Слямбекович, Селиванов Михаил Анатольевич арнайы шақыртылды.
Ардагерлер білім алушылардың патриотизмге деген қызығушылығын жоғары бағалап, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, өткенді құрметтеу және Отанға деген сүйіспеншілікті насихаттау маңызды екендігін атап өтті. Бұл шара қазіргі жастардың Отанға деген құрметін, патриоттық сезімін қалыптастыруда үлкен мәнге ие болды.