12 мая 2026 03:05
Количество просмотров: 8
2026 жылғы 12 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының мамандарымен кездесу өтті. Шараға донорларды комплектілеу бөлімінің меңгерушісі Әлия Сарсенбаева және донорлыққа халықты насихаттау жөніндегі маман, "Қазақстанның болашағы үшін" жастар қоғамдық бірлестігінің волонтер-координаторы Мира Мустафина қатысты. Олар 1-ші және 2-ші курс студенттерімен "Қан донорлығы туралы" әңгіме өткізді.Қан донорлығы тақырыбында әңгіме жүргізілді. Әңгіме барысында қатысушыларға донордың кім екені, қанды қалай дұрыс тапсыру керек екені және қан тапсыруға қалай дайындалу қажеттігі туралы айтылды. Сонымен қатар, қан донорлығы туралы кең таралған мифтер мен шынайы ақпараттар талқыланды. Әңгіме танымдық сипатта өтіп, адамдарға көмек көрсетуге деген жауапкершілік пен жанашырлықты қалыптастыруға бағытталды. Сіздерді 14.05.2026 Донор күніне шақырамыз. 09.00- 13.30 дейн 18 жастан жоғары.