20 января 2023 12:01
Количество просмотров: 1443
ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының жоспары негізінде мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілері арасында 2022 жылы 19 қаңтарда аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшыларына «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа мазмұнын іске асыру жолдары» тақырыбында №15 «Рахат балабақша-бөбекжайы» КМҚК базасында әдістемелік шеберхана өтті. Шеберхана жұмысына колледждің арнайы пәндер оқытушылары Кусаинова А.М., Тюлекпаева С.Е қатысты.
Біздің оқу орнымызда 20 қаңтар 2023 жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте жастан дамыту институты» КММ директор Адамова Манара Елекеновнамен аталған мамандықтың оқытушыларымен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында мектепке дейінгі білім берудегі жаңарту иедеяларын мамандар даярлауда іске асыру бойынша өзара пікір алмасу өтіп, «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша таныстырылым жүргізілді.