15 декабря 2025 04:12
Количество просмотров: 226
2025 жылдың 15 желтоқсаны күні оқу орнымызда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында тағылымды іс-шара өтті. Шараға Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ахметжанов Ринад Руланович атаулы мерекенің тарихи маңыздылығына тоқталып, Тәуелсіздіктің ел үшін мәнін атап өтті.
Колледж директоры, т.ғ.к. Ф. Курманов колледжімізде білім алған Желтоқсан оқиғасының құрбаны болған қаһарман қыз Сәбира Есімбекқызы Мұхамеджанованы еске алып, оның ерлігі мен қайсар рухына тағзым етті. Іс-шара аясында Желтоқсан құрбанына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды.
Шараның екінші бөлімі мерекелік концертке ұласты. Мерекелік концертке Ұлан ауданы Білім бөлімі «Балалар музыка мектебі» мемлекеттік мекеме директоры, «Қанипа Бітібаева атындағы атаулы шәкіртақы» демеушісі, Қанипа Омарғалиқызы сіңілісі Аханова Бакытжан Омаргалиевна, F16.kz сайтының тілшісі Ләззат Қанатқызы және Дана Әбдікәрім қатысты. Шара барысында білім алушылар патриоттық әндер орындап, көркем шығармалар оқып, ұлттық рухты дәріптейтін сахналық қойылымдар ұсынды.
Сонымен қатар шара барысында оқуда, ғылымда, шығармашылықта, спортта жоғары жетістіктер көрсетіп, ерекшеленген үздік студенттерге Абай, Құмаш Нұрғалиев, Асқар Ислямов, Қанипа Бітібаева, Сәбира Мұхамеджанова атындағы атаулы шәкіртақылар табысталды.