Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

«Рухтастар» жастар сыйлығы – 2025

Молодёжная премия «Рухтастар» – 2025 Молодёжная премия «Рухтастар» – 2025 Молодёжная премия «Рухтастар» – 2025

15 декабря 2025 03:12

Количество просмотров: 267

2025 жылдың 12 желтоқсаны күні Астана қаласында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған Республикалық «Рухтастар» жастар сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іргелі іс-шарада қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға, жастар саясатын дамытуға және елдің әлеуметтік өміріне белсенді атсалысып жүрген Қазақстанның ең белсенді әрі көшбасшы жастары марапатталды.

Аталған салтанатты жиында оқу орнымыздың «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің 4-курс студенті Даутқали Алихан Айбатұлы «Белсенді рухтас» — жыл белсендісі номинациясын иеленіп, жоғары жетістікке қол жеткізді. Бұл марапат оның қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуының, көшбасшылық қабілетінің және ел болашағы үшін атқарған еңбегінің айқын дәлелі болып табылады.

Айта кетейік, еліміздің түкпір-түкпірінен келген барлығы 20 үздік «рухтас» жастар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталды. Мұндай игі бастамалар жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, олардың ел дамуына қосатын үлесін одан әрі нығайтуға зор ықпал етеді.