30 октября 2025 01:10
Количество просмотров: 367
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі болашақ мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілерін даярлайды. Мұғалім мамандығында әлеуметтік жауапкершілік ерекше маңызға ие. Бұл – жай ғана жұмыс емес, бұл – қоғамға қызмет ету. Педагогтің басты миссияларының бірі – оқушыларға, әсіресе адалдық, әділдік және жауапкершілік мәселелерінде үлгі болу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін мұғалім – елдің болашағына салынған инвестиция. Сондықтан біздің студенттер тек өздері ғана жемқорлыққа қарсы емес, сонымен қатар «Адал қоғам» идеясын өзгелерге де насихаттауда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы білімдерін тарату мақсатында колледж студенттері мен оқытушылары 2025 жылдың 30 қыркүйегінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – 2 қазан күніне арналған тұжырымдама аясында №30 жалпы білім беретін мектепте «Адал адам – әділ әрі таза қоғамның кепілі» атты шеберлік сабағын өткізді. Сонымен қатар 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді.
#біздіңТжКБ#РахметШебер#нашеТиПО