Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

Новости

«Неделя благодарности учителям!»

«Неделя благодарности учителям!» «Неделя благодарности учителям!» «Неделя благодарности учителям!» «Неделя благодарности учителям!» «Неделя благодарности учителям!» «Неделя благодарности учителям!»

29 сентября 2025 04:09

Количество просмотров: 557


 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздің барлық өңірінде «Ұстазға алғыс!» апталығы ұйымдастырылуда.

Іс-шараның мақсаты – ұстаздарға деген құрметті арттыру, олардың ел дамуына қосқан өлшеусіз еңбегін бағалау және жас ұрпаққа ұстаз тұлғасын үлгі ету.

Осыған орай, Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен 2025 жылдың 29 қыркүйегі күні оқу орнымызда «Ұстазға алғыс!» апталығы аясында колледж қызметкерлеріне білім мен тәрбие берген ұстаздардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Шара барысында колледж қызметкерлері ұстаздарына ақ жарма тілектерін білдірсе, ұстаздар қауымы өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұлағатты ой-пікірлерін ортаға салды. Білім саласындағы өзекті мәселелер мен жаңашыл әдіс-тәсілдер жайында пікір алмасып, бағыт-бағдар берілді.

Іс-шара аясында ұстаздарға ұйымның бірінші басшысының қолы қойылған «Алғыс хат», гүл шоқтары табыс етілді. Бұл – ұрпақ тәрбиелеуге бар күш-жігерін арнаған, өмірін білім беру ісіне арнаған ұстаздарға деген шексіз алғыстың жарқын көрінісі.

Апталық аясында түрлі мерекелік шаралар, сынып сағаттары, шығармашылық байқаулар мен оқушылардың ұстаздарға арналған көрмелері де ұйымдастырылуда.

Мұндай тағылымы мол шаралар – ұстаз мәртебесін арттырып, жастардың жүрегіне ізгілік пен құрмет ұялататыны сөзсіз.