Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

Новости

Повышение правовой грамотности

Повышение правовой грамотности Повышение правовой грамотности Повышение правовой грамотности

15 мая 2024 02:05

Количество просмотров: 1998


2024 жылғы 15 мамырда колледжде студенттердің қарулы күштер мен құқық қорғау органдарының ардагерлерімен кездесуі өтті: Хамитов Самарқан Айтқалиұлы (полиция полковнигі, ІІМ ардагері), Қасенов Есенғали Тоқтарұлы (подполковник, ІІМ ардагері), Мерекенов Мұрат Мұқайұлы (полковник, қаржы полициясының ардагері).

Кездесуді «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу» әлеуметтік жобасы шеңберінде «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Баяндамашылар жастармен өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу және құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қарулы күштер мен құқық қорғау органдарының жұмысы туралы әңгімелесті.

Сонымен қатар полиция майоры Д.Жақсыбаева студенттерге ҚР Әкімшілік және қылмыстық кодекстерінің негізгі баптары туралы ақпарат берді.