29 ноября 2024 04:11
Количество просмотров: 898
Біздің колледж көптеген ұйымдармен ынтымақтастық орнатқан. Күршім ауылының әскери бөлімімен ынтымақтастық ары қарай жалғасын табуда. 2024 жылдың жазында офицерлер, сержанттар Свинчатка ауылындағы оқу-өндірістік базада өткен алғашқы әскери дайындыққа дайындалып жатқан жас сарбаздардың оқу-далалық жиындарына келді. Бұл біздің студенттердің әскери-патриоттық тәрбиесіне баға жетпес үлес қосқаны сөзсіз. 29 қарашада біздің студенттер Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Күршім ауданы бойынша Шекара басқармасы күніне арналған мерекелік концертпен Күршім ауылына барды. Концерт позитивті және көңілді өтті, бөлім сарбаздары сергіп, рухтары көтеріліп қалды.