Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Новости

Желтоқсаншылармен кездесу

Желтоқсаншылармен кездесу Желтоқсаншылармен кездесу Желтоқсаншылармен кездесу Желтоқсаншылармен кездесу Желтоқсаншылармен кездесу

29 ноября 2021 05:11

Количество просмотров: 1338

 

Биыл – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Сондай-ақ 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толып отыр. Осындай маңызды күндер қарсаңында оқу орнымызда желтоқсаншылармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Шығыс Қазақстан облысы «JELTOQSAN-86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рамазанов Маратбек Айтахметұлы, көтеріліске қатысушылар Рахымжарова Анар Төлгенқызы, Камалиев Бекжан Бияхметұлы, Раисова Роза Байсолтановна, Абраймов Еркін ағаларымыз және Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы құрбандарының бірі, колледж білім алушысы болған Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызымен бірге оқыған курстастары Кенжеханова Роза Манаповна,  Канапина Асель Альмухановна, Абдрахманова Еркежан Жабаевналар қатысты.   

Кездесуге колледжіміздің үздік студенттері қатысып, өз тараптарынан толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.   Желтоқсаншылар бастарынан өткен оқиғаларын айтып, жастарға тілек-алғыстарын жеткізді. Аталған іс-шара қазақ жастарының бойында ұлттық рухты көтеріп, болашақ ұстаздардың отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерін нығайта түсті.