Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

30 жылдан кейінгі кездесу

Встреча после 30 лет Встреча после 30 лет Встреча после 30 лет Встреча после 30 лет

13 июля 2021 09:07

Количество просмотров: 1595

Биыл біздің 1987-1991жж. аралығында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде білім алып шыққанымызға 30 жыл толып отыр. Ол кезеңде колледж СССР-дың 50-жылдығы атындағы педагогикалық училищесі деп аталған болатын.

Жылда дәстүрлі түрде өтетін түлектер кездесуінің бір кезеңі сүйікті оқу орнына келу, ұстаздарымен кездесу, естеліктермен бөлісуден тұратыны бәрімізге аян. Биыл да шілде айының 12 күні "Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарындағы еңбек пен сызу пәнінің мұғалімі» мамандығын бітірген түлектер 30 жылдық кездесуімізді сүйікті оқу орнымыздың қабырғасынан бастадық.

Өзіміздің тәлім-тәрбие алған қасиетті білім ордамызға келіп, өткен студенттік шағымызды сағынышпен еске алдық. Қазіргі таңда Республика, облыс аумағында мекеме басшылары, университет оқытушылары, мектеп ұстаздары болып қызмет етіп жүрген біздер 30 жылдың ішінде танымастай болып өзгерген оқу орнын аралап, заманауи талаптарға сай жабдықталған колледждің материалдық-техникалық базасының мықты екеніне көзімізді жеткіздік. Атаулы кабинеттерді, құзыреттілік орталықтарын аралап, естелік суреттерге түстік, колледж мұражайындағы фотоальбомдарды ақтарып, студенттік шағымызға қайта оралғандай болдық.

Қаншама дарынды жастарымызды педагогика әлеміне икемдеп, білім мен тәрбие беріп, халыққа педколледж атауымен танымал болған, бүгінде ұлы ақын Абайдың есімін иеленіп, Шығыстағы іргелі оқу орындарының бірі болып отырған колледж болашақта әлі де талай мықты педагогтарды даярлап шығаратынына сенімдіміз.

Құрметті Фархад Саканович! Колледж ұжымы! Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз! Келешекке кемел біліммен салған даңғыл жолдарыңыз кең болсын, көркейіп, жан-жақты дами беріңіздер!

Ізгі тілекпен колледждің 1991 жылғы түлектері.