22 апреля 2026 03:04
Количество просмотров: 14
2026 жылдың 22 сәуірі күні колледжішілік студенттік Ассамблея ойындары аясында оқу орнымыздың аумағында сенбілік ұйымдастырылды.
Шара барысында студенттер белсенділік танытып, колледж маңындағы аумақты қоқыстан тазартуға атсалысты. Табиғатты қорғауға бағытталған бұл игі іс арқылы олар қоршаған ортаға деген жауапкершілігін көрсетіп, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты.
Мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, жастарды бірлікке, еңбекқорлыққа және табиғатты аялауға тәрбиелейді. Бірге – таза Қазақстан үшін!