23 апреля 2026 03:04
Количество просмотров: 13
2026 жылдың 23 сәуірі күні колледждің 4-курс студенттеріне арналған «Level Up педагогикалық лабиринт» форматындағы ерекше кәсіби кездесу өтті.
Шара «Шабыттанған ұстаз өз шәкірттеріне қанат бітіреді» апталығы аясында ұйымдастырылып, болашақ мұғалімдердің креативті идеялары мен авторлық жобаларын ұсынуға бағытталды.
Кездесу барысында қатысушылар білім берудегі тың шешімдер ұсынып, өз әдістемелерімен бөлісіп, педагогикалық жағдаяттардан бірлесе шығу жолдарын талқылады.
Ерекшелігі – бұл сайыс емес, серіктестік алаңы: мұнда жеңімпаз да, жеңілген де жоқ. Әр қатысушының өзіндік көзқарасы бағаланып, достық пен кәсіби бірлік алдыңғы орынға шықты.