17 мая 2026 07:05
Количество просмотров: 11
2026 жылдың 17 мамыр күні Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғары педагогикалық колледжі мен «Arystar Amanaty IDC» ұйымының ұйымдастыруымен «Цифрлық болашақ: жастар мен жасанды интеллект, мүмкіндіктер мен қауіптер» тақырыбында Arystar CUP X облыстық пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирге Өскемен қаласындағы жоғары оқу орындары, колледж студенттері, мектеп оқушылары, сондай-ақ Семей қаласынан келген спикерлер қатысып, өзара бақ сынасты.
Атап айтқанда:
ü Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті;
ü С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті;
ü С. Аманжолов атындағы жоғары колледж;
ü Жоғары политехникалық колледж;
ü Өскемен жоғары медициналық колледжі;
ü «№36 орта мектебі» КММ;
ü «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ;
ü «№30 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
ü Назарбаев Зияткерлік мектебі;
ü Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейі
ü Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледжі
Турнирге жалпы саны 27 фракциядан құралған 54 спикер қатысты.
Бас төрешілер: Жарқын Айдос, Жұмабай Маржан.
Бас ұйымдастырушылар: Шугуманова Ақбота, Жандарбек Балым, Зарлыханова Алина.
Пікірсайыс турнирі жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, өзекті тақырыптар төңірегінде еркін пікір алмасуға және шешендік өнерді шыңдауға бағытталған маңызды алаң болды.