17 мая 2026 07:05
Количество просмотров: 11
2026 жылдың 7–17 мамыр аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында волейболдан CAVA U18 Volleyball Championship (Орталық Азия волейбол қауымдастығы чемпионаты) өтті.
Аталған халықаралық чемпионатта Қазақстан Республикасының ерлер құрамасы тамаша ойын өрнегін көрсетіп, І орын иеленді. Бұл Қазақстан волейболы үшін тарихи жеңіс болды.
Жеңімпаздар қатарында оқу орнымыздың «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 2-курс студенттері Ботанов Ілияс пен Хасанов Ахметжан жоғары шеберліктерімен өте әдемі ойын көрсетті.
Студенттерімізді және олардың жаттықтырушыларын жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Ел намысын халықаралық деңгейде абыроймен қорғап, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!