14 мая 2026 01:05
Количество просмотров: 16
2026 жылдың 14 мамыры күні Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы ұйымдастыруымен оқу орнымызда «Донор күні» өткізілді. Іс-шараға колледж студенттері мен қызметкерлері қатысып, жалпы саны 100-ге жуық адам қамтылды.
Қан тапсырып, өзгелердің өмірін сақтауға өз үлестерін қосқан барлық қатысушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің жанашырлықтарыңыз бен азаматтық белсенділіктеріңіз, адам өміріне деген үлкен қамқорлықтың айқын көрінісі.