15 мая 2026 08:05
Количество просмотров: 15
2026 жылдың 15 мамыр күні «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығында «Мамандық PRO - фест 2026» түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, сондай-ақ қала, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы колледждерінің таныстырылымы өтті.
Іс-шара барысында колледжде жүзеге асырылатын барлық білім беру бағдарламалары таныстырылды. Қонақтар даярлау бағыттарымен, оқу шарттарымен және студенттердің кәсіби даму мүмкіндіктерімен кеңінен танысты.
Мектеп оқушылары мен келушілер үшін танымдық әрі интерактивті алаңдар ұйымдастырылып, түрлі ойындар мен шеберлік сабақтары өткізілді. Сонымен қатар робототехника саласындағы жетістіктер көрсетіліп, колледж студенттерінің шығармашылық көрмесі ұсынылды.
Осындай іс-шараларға қатысу жастардың педагогикалық және өзге де сұранысқа ие мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, түлектердің жұмысқа орналасуына қолдау көрсетеді әрі білім беру ұйымдары мен өңір жұмыс берушілері арасындағы өзара байланысты нығайтады.