24 ноября 2025 04:11
Количество просмотров: 223
2025 жылдың 24 қарашасында облыстық «Дублёр күні» жобасын іске асыру аясында оқу орнымыздың «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын 3-курс (23-РЯ-1 тобы) студенттері «Филологиялық құпиялар фабрикасы» атты интерактивті кәсіби бағдар квестін өткізді.
Іс-шара Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Өскемен қаласындағы «№34 мектеп-лицейі» КММ базасында ұйымдастырылды. Мақсаты – білім алушылардың саналы кәсіби бағыт-бағдарын қалыптастыруға жағдай жасау, оларды нақты еңбек үдерісіне жақын ортаға енгізу және «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының ерекшеліктерімен таныстыру.
Квестке қаланың келесі білім беру мекемелерінен 65 оқушы қатысты: «№9 орта мектебі» КММ, «№32 орта мектебі» КММ, «№29 мектеп – қосымша білім беру орталығы» КММ, «№7 орта мектебі» КММ және «№37 көпбейінді орта мектебі» КММ.
Оқушылар филологиялық квестке белсене қатысып, мамандардың кәсіби қызметімен тікелей танысу арқылы болашақ мамандық таңдауда саналы көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік алды.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.