20 ноября 2025 04:11
Количество просмотров: 114
2025 жылдың 14–19 қараша аралығында халықаралық ынтымақтастық туралы меморандум аясында колледжіміздің оқытушылары мен студенттері Новосібір облысының «Карасук педагогикалық колледжі» мемлекеттік автономды кәсіптік білім беру мекемесі ұйымдастыруымен халықаралық педагогикалық тағылымдамадан өтті.
Бағдарлама барысында оқытушылар мен студенттер педагогикалық қызметтің заманауи әдістері мен технологияларын меңгеріп, оқу-әдістемелік материалдар әзірлеп, кәсіби құзыреттіліктерінің жоғары деңгейін көрсетті.
Халықаралық педагогикалық тағылымдама оқытушылар мен студенттердің кәсіби дамуындағы маңызды тәжірибелік кезең болды. Бағдарлама аясында қатысушылар заманауи педагогикалық тәсілдерді меңгеріп, халықаралық деңгейдегі әріптестермен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай тағылымдамалар болашақ мамандардың кәсіби көзқарасын кеңейтіп, білім беру сапасын арттыруға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосады.