24 ноября 2025 04:11
Количество просмотров: 210
2025 жылдың 21–24 қараша күндері оқу орнымыздың топ жетекшілері студенттерге арналған «Дипфейктер және жаңа қауіптер» тақырыбында цифрлық қауіпсіздікке арналған кураторлық сағаттар өткізді. Іс-шара аясында студенттерге заманауи ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты туындап отырған жаңа қауіптер, әсіресе дипфейктердің қоғамға, жеке тұлғаға және ақпараттық кеңістікке тигізетін ықтимал әсерлері түсіндірілді.
Кураторлық сағаттар барысында студенттер жалған видеоларды (deepfake) тану жолдары, интернеттегі жеке деректерді қорғау тәсілдері, әлеуметтік желілердегі алаяқтықтан сақтану шаралары жөнінде ақпарат алды. Сонымен қатар, медиақұзыреттілікті арттыру, ақпаратты тексеру дағдыларын дамыту және қауіп төнген жағдайда дұрыс әрекет ету жөнінде практикалық ұсыныстар берілді.
Іс-шара қорытындысы ретінде студенттер арасында сауалнама жүргізіліп, олардың цифрлық қауіпсіздік туралы хабардарлық деңгейі анықталды. Барлығы 1355 студенттің 1345-і қамтылып, жоғары белсенділік көрсетті. Сауалнама нәтижелері студенттердің бұл тақырыпқа қызығушылығы жоғары екенін, сонымен қатар қосымша түсіндіруді қажет ететін аспектілер бар екенін көрсетті.
Өткізілген жұмыс жастардың ақпараттық мәдениетін арттыруға, онлайн кеңістікте өздерін қорғау дағдыларын қалыптастыруға және қауіпсіз цифрлық мінез-құлықты нығайтуға бағытталған маңызды шара ретінде бағаланды.