19 ноября 2025 04:11
Количество просмотров: 259
2025 жылдың 18-19 қараша күндері Ресей Федерациясы, Новосібір облысындағы мемлекеттік автономды кәсіптік білім беру мекемесі – «Карасук педагогикалық колледжінің» ұйымдастыруымен Халықаралық ынтымақтастық меморандумы аясында студенттерге арналған халықаралық «Кәсіби шеберлік» байқауы өтті.
«Кәсіби шеберлер» байқауы «Бастауыш сыныптарды оқыту» және «Мектепке дейінгі білім беру» құзыреттілігі бойынша студенттер арасында жыл сайын өткізіледі.
Ереже Ресей Федерациясының Федералдық заңы, арнайы орта білім берудің федералдық мемлекеттік білім беру стандарттары, WorldSkills стандартының талаптарына сәйкес әзірленген және байқауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды.
Аталған байқауға оқу орнымыздың студенттері қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. «Мектепке дейінгі білім беру» құзыреттілігі бойынша 4-курс студенті Булкина Мария Сергеевна (жетекшісі: Нургалиева Галия Айтказиновна) мен «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша 3-курс студенті Лантух Дарья Евгеньевна (жетекшісі: Вольф Рауза Толегеновна) байқауда І орын иеленіп, колледжіміздің абыройын асқақтатты.
Бұл жеңіс – білім алушылардың кәсіби дайындық деңгейінің жоғары екенін және колледжімізде сапалы білім мен нәтижелі тәжірибе берілетінін айқындайтын маңызды көрсеткіш.