25 ноября 2025 04:11
Количество просмотров: 192
2025 жылдың 25 қарашасында облыстық «Дублер күні» жобасы аясында оқу орнымыздың «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігінің 4-курс (22-ББ-1, 22-ББ-2 тобы) студенттері «БалаLab: Зерек зерттеушілер аялдамасы» іс-шарасын өткізді.
Іс-шара Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ базасында ұйымдастырылды.
Мектеп оқушыларына мамандық ерекшеліктері, еңбек нарығындағы сұраныс, қажетті дағдылар мен оқу бағыты туралы ақпарат берілді.
Іс-шара барысында оқушыларға ойын, тәжірибе және шығармашылық тапсырмалар арқылы сұрақ-жауап ұйымдастырылып, олардың қызығушылығы артты. Бұл тапсырмалар оқушылардың белсенді қатысуына, мамандықтар туралы түсінігін тереңдетуге және өз қабілеттерін бағалауға мүмкіндік берді.
Іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын кеңейтіп, болашаққа мақсат қоюына ықпал етіп, соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.