Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Жыл волонтері – 2025

Волонтер года – 2025 Волонтер года – 2025

27 ноября 2025 04:11

Количество просмотров: 204

2025 жылдың 27 қарашасы күні оқу орнымыздың «Бастауыш білім беру» мамандығының 3-курс студенті (23-ББ-1 тобы), үздік білім алушы әрі жастар саясатының дамуына елеулі үлес қосқан белсенді Арданбекқызы Арна «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің арнайы сыйлығына ие болып, «Жыл волонтері» номинациясын жеңіп алды. Бұл марапат Арнаның мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы жоғары жауапкершілігі мен табанды еңбегінің нәтижесі болып табылады.

Ол қоғам игілігі жолында атқарған еңбегін тағы бір мәрте дәлелдеп, түрлі қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, әлеуметтік жобаларға ат салысып, өз қатарластарына үлгі бола білді.