Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Ұлттық спорт күні

День национального спорта День национального спорта День национального спорта День национального спорта День национального спорта День национального спорта

20 марта 2026 06:03

Количество просмотров: 25


20.03.2026 ж. оқу орнымызда «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің ұйымдастыруымен «Наурызнама» онкүндігі аясында ұлттық спорт түрлері мен дәстүрлі ойындарды насихаттау күніне орай «Ұлттық спорт күні» аталып өтті.

Бұл күні оқытушылар мен студенттерге арналған ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар жоғары белсенділік танытты. Жұртшылық назарына «Білім бәйгесі» және қазақтың дәстүрлі ойыны «Бес тас» ұсынылып, қатысушылар өздерінің ептілігі мен білімдерін сынға салды. Мұнымен қоса, күш пен төзімділікті талап ететін «Арқан тартыс», мергендікті шыңдайтын «Асық ату» және зияткерлік қабілетті дамытатын «Тоғызқұмалақ» сайыстары өтіп, көрермендердің ерекше қошеметіне бөленді.

Іс-шара барысында жастарға ұлттық құндылықтарымыздың маңызы түсіндіріліп, сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Халқымыздың бай спорттық мұрасын жаңғыртқан бұл мазмұнды шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.