19 марта 2026 12:03
Количество просмотров: 25
Төрт күн бойы колледж студенттері Үлкен Ассамблея студенттік ойындарында табандылықпен, жоғары деңгейде бақ сынап, өздерінің білімдері мен шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар әр кезеңде ұйымшылдық пен жауапкершілік танытып, жеңіске деген жігерін дәлелдей білді.
Нәтижесінде біздің команда барлық қарсыластарынан озып, жалпыкомандалық есепте І орынға ие болды. Бұл – студенттердің еңбегі мен ұстаздардың қолдауының жарқын көрінісі.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!