12 мая 2022 08:05
Количество просмотров: 770
2022 жылдың 12 мамыры күні колледж базасында «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инновациялық іс-әрекет» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті. Семинар-практикумға Өскемен қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері, тәрбиешілері қатысты.
Мақсаты – мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инновациялық іс-әрекет жағдайында оқыту үрдісін ұйымдастыру мәселелері бойынша педагогикалық тәжірибе алмасу.
Семинар барысында қатысушылармен «Жаңа көзқарас, жаңа серпіліс – білім берудің жаңа бағыты» тақырыбында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында дөңгелек үстел, виртуалды экскурсия ұйымдастырылып, «Смарт үстел», «Интербелсенді құм», «Ақылды еден», «Планетария әлемі», «Саналы ұрпақ» сынды қолданылатын интербелсенді құрылғылар, дидактикалық ойын құралдарын колледж студенттері тәжірибеде көрсетіп, шеберлік сағаттары өткізілді.