Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

«Педагогикалық ассорти» интеллектуалдық сайыс

Интеллектуальный конкурс «Педагогическое ассорти» Интеллектуальный конкурс «Педагогическое ассорти» Интеллектуальный конкурс «Педагогическое ассорти»

30 апреля 2021 12:04

Количество просмотров: 1384

2021 жылдың 28 сәуірінде С.Аманжолов атындағы ШҚУ мен Абай атындағы ШҚГК арасында жасалған ынтымақтастық келісімшарт аясында университеттің «Педагогикалық білім және менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен педагогикалық мамандықтар студенттері арасында ZOOM платформасында «Педагогикалық ассорти» интеллектуалдық сайысы өтті.

Сайысқа «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4 курс білім алушылары қатысты.

Сайыс үш бөлімнен тұрды:

  1. Жаңа формация – педагог тәрбиеші.
  2. Педагогикалық экспром. Жағдаяттар шешу.
  3. Педагогикалық – тәрбиешінің шеберлік әлемі. Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы ұйымдастырылған оқу қызметі.

Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлдені иеленген сайыскер университет ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлегеннің тағайындаған білім грантына ие болды.

29 сәуірде шыққан байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде – Рамазанова Балнұр (4-до-1 тобы, жетекшісі: Кудайбергенова Г.Қ.); І орын – Әділханова Анар (4-до-1 тобы, жетекшісі: Кудайбергенова Г.Қ.); ІІ орын – Рәшитбекова Назерке, Толепбекқызы Гүлім (4-до-1 тобы, жетекшісі: А.С.Рахимова); ІІІ орын – Дарынова Ардақ, Бубнова Ангелина (4-до-3 тобы, жетекшісі: Ә.М.Мұратова)

Сайыс жеңімпаздарын және жетекшілерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!