29 апреля 2021 12:04
Количество просмотров: 2241
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында облыстық Жастар ресурстық орталығы 2021 жылы 27 сәуірде Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттерімен «Волонтёр болу жүрек қалауы» тақырыбында offline форматта кездесу өткізді.
Басты мақсаты: білім алушыларға жастар саясатының мақсат, міндеттерін таныстыру және жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру.
Жиында «Restart», «Kieli tabigat» атты республикалық және тағы басқа облыстық жобалар, жастардың әлеуетін көтеру, дарынды жастарға қолдау көрсету, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа деген теріс көзқарасты қалыптастыру туралы ақпараттар қарастырылды. Кездесу барысында білім алушылар өздерінің Республикалық жобаларға қатысу бойынша сұрақтар қойып, волонтёр болуға ниет білдірді.