Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

«Ұлттың ұлы ұстазы» колледжішілік эссе

Внутриколледжное эссе «Ұлттың ұлы ұстазы»   Внутриколледжное эссе «Ұлттың ұлы ұстазы»   Внутриколледжное эссе «Ұлттың ұлы ұстазы»

5 апреля 2022 05:04

Количество просмотров: 1954

2022 жылдың 05 сәуірі күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» ПЦК-сының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай колледж білім алушыларының   арасында колледжішілік эссе байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері – білім алушылардың ғылыми-зерттеу, шығармашылық және оқу-танымдық қызметін ынталандыру; дарынды жас қаламгерлерді iрiктеу және оларға қолдау көрсету; Ұлт ұстазының өмірін білім алушыларға үлгі ете отырып, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлылардың ұлағатты өміріне, қызметіне құрмет сезімдерін ояту.

Байқауға «Ұлтымыздың дара ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы», «А.Байтұрсынұлы және Мәңгілік Ел мұраты», «А.Байтұрсынұлы – тіл зергері, әдебиет зерттеушісі» тақырыптары ұсынылды.

Жеңімпаздар әділқазылар шешімімен колледж директорының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Байқау нәтижесі 2022 жылдың 08 сәуір күні vkgk.kz ресми сайты мен колледждің Facebook, Instagram әлеуметтік парақшаларында жарияланады.