13 апреля 2024 09:04
Количество просмотров: 2011
"Тілдер мен әдебиет" пән бірлестігі апталығының аясында 08.04.2024 - 11.04.2024 аралығында "Косплей - реинкарнация өнері" байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты-колледждің 1 курс студенттері арасында орыс әдебиетін насихаттау және одан әрі дамыту. Косплей ("Костюм ойыны") – бұл костюмдер киіп, кейіпкерлердің мінезін, дене пластикасын және мимикасын жеткізуден тұратын әр түрлі рөлдерге реинкарнация. Қатысушыларға үш номинация бойынша орыс әдебиеті кейіпкерінің бейнесі бар фотосурет түсіру қажет болды: "Портреттік косплей" (ақындар мен жазушылар), "Косплей-ертегілердің кейіпкерлері" және "Көркем шығармалардың Косплейі".
Байқау жеңімпаздары 2024 жылдың 15 сәуірінде колледждің акт залында "Тілдер мен әдебиеттер" ПБ апталығының жабылуында марапатталады.