Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

Ұлыстың ұлы күні – қайырымдылық мейрамы

Ұлыстың ұлы күні – қайырымдылық мейрамы Ұлыстың ұлы күні – қайырымдылық мейрамы Ұлыстың ұлы күні – қайырымдылық мейрамы Ұлыстың ұлы күні – қайырымдылық мейрамы

15 марта 2024 07:03

Количество просмотров: 107


         Бүгін наурызнама бойынша қайырымдылық күні. Сондай-ақ мейірімділік пен татулық насихатталатын күн. «Қайырымдылық күні» аясында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары А.Р.Аубакирова және оқытушылар А.М.Кусаинова, К. Архалагтың жетекшілігімен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Информатика» мамандығының 2 -3 курс студенттерінің қатысуымен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ақниет» мектеп-интернаты ұстаздары мен тәрбиеленушілеріне арнап, шеберлік сағаттарын ұйымдастырып, өткізді.

    Қайырымдылық пен мейірімділік тек материалдық көмек көрсету ғана емес, рухани қолдау, адамды жылы сөзбен жігерлендіру, қонақжайлылық көрсету  – қазақтың қанында бар қасиет.   Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша жастардың арасында кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды.

         Бұл игі дәстүр колледж білімалушыларының арасында жанашырлық, жақсылық жасауға деген ұмтылысын арттырды, демек, Наурыз мейрамы өзара көмек пен қайырымдылықтың да мерекесіне айналып келеді.