20 ноября 2025 04:11
Количество просмотров: 224
2025 жылдың 20 қарашасында колледжде студенттік Ассамблея қатарына қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында Шығыс Қазақстан облысы Ассамблеясының жастар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Сәрсеков Берік Ербулатұлы студенттік Ассамблея символдары мен галстуктарды табыстады. Іс-шара барысында студенттік Ассамблея мүшелері мерекелік концерттік бағдарламалар ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шараға арнайы келген Өскемен қаласындағы оқу орындарының студенттік Ассамблея жетекшілері жас мүшелерді құттықтап, сәттілік пен табыс тіледі.
Оқу орнымыздың студенттік Ассамблеясы – бұл белсенді, жауапкершілігі мол әрі шығармашыл жастарды біріктіретін ұйым. Ол жастарды біріктіріп, көшбасшылықты, азаматтық ұстанымды және Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді. Ассамблея мүшелері колледж, қала және облыс көлеміндегі көптеген іс-шараларды ұйымдастырып, белсене қатысып келеді.
Осы күні Ассамблея қатарына 40 студент қабылданды.