Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Жастар форумы

Молодёжный форум Молодёжный форум Молодёжный форум

17 октября 2025 12:10

Количество просмотров: 131

2025 жылдың 17 қазаны күні колледж студенттері С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен «HARD SKILLS FEST» атты облыстық жастар форумына қатысты.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында жұмысшы және техникалық мамандықтардың беделін арттыруға ықпал ету, нақты экономика секторының сұранысына ие мамандықтардың оң бейнесін қалыптастыру, сондай-ақ өңірдегі жас мамандардың кәсіби бағдарлануына, өзін-өзі жүзеге асыруына және жұмыспен қамтылуына мүмкіндік жасау болып табылады.

Форум аясында қатысушылардың білімін, жылдам ойлау қабілетін және көшбасшылық қасиеттерін анықтау мақсатында «Көшбасшы» атты интеллектуалды квиз ойыны өткізілді.

Аталған сайыс нәтижесінде оқу орнымыздың студенттерінен құралған команда

«Ең тапқыр команда» номинациясын жеңіп алды.