9 сентября 2022 01:09
Количество просмотров: 1555
Өскемен қаласында 2022 жылдың 9 қыркүйегінде тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың құрметіне қалалық саябақтың және ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті.
Сағадат Нұрмағамбетов – Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған Ұлы Отан соғысының ардагері. Бүкіл өмірін Кеңес Армиясындағы қызметке арнады, ал Тәуелсіз Қазақстан құрылғаннан кейін оның бірінші Қорғаныс министрі болды. Оның жас мемлекеттің қорғаныс қабілетін қалыптастыруға қосқан үлесі баға жетпес!
Патриоттық тәрбие беру мақсатында колледж студенттері аталған салтанатты іс-шараға қатысып қайтты.